Халықаралық Пони білімпаз байқауының жеңімпазы-Серік Раяна І орынмен мрапатталды. ҚұттықтаймызІ
Топ тәрбиешісі:А.А.Абдигалиева
«Балалар жылы» аясында «Оқуға құштар ұлт» жобасын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Каникулда кітап оқимыз»марафонына белсенділік танытып,электронды кітаптарды оқуды меңгеріп,терең білімімен, алғырлығымен «Ең көп кітап оқитын оқушы » номинациясының жеңімпазы 4 «А» сынып оқушысы Наурызғалиұлы Исмаил ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.Құттықтаймыз!
«Балалар жылы» бағдарламасы аясында бокстан кіші жасөспірімдер арасындағы Шалқар аудандық ашық біріншілігінде 30 кг салмақ дәрежесінде 3«Б» сынып оқушысы Жолдыбаев Әлинұр ІІІ-орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!
Аудандық «Ән шырқайық бәріміз» атты патриоттық әндер байқауында мектепалды «Б» сыныбының тәрбиеленушісі Нағашыбай Арайлым Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
Жетекшісі:А.Томақова
Аудандық «Әкеге қарап ұл өсер » атты эстафеталық ойынында мектебіміздің 4 сынып оқушысы Нұрболатұлы Нұртілеу әкесімен бірге қатысып, жүлделі І-орына ие болды.
Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаев шығармашылығын жастар арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы » атты байқауында Бақытжан Зайнаб І-дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Жетекшісі:Л.Жандосова.