Мектеп тарихы

Шалқар мектеп –интернаты 1959 жылы 1-қыркүйек шопан балаларына арналып ашылды. Мектеп интернатқа Шалқар Р.Т.С- ның үйлері берілді төрт –екі қатарлы үй оның ішінен біреуі мектепке арналды, оның көлемі 251м. Мектеп-интернат ұйымдасқан жылы 164 оқушы болды, оқушылардың сабақ үлгерімі тоқсан сайын жақсарумен болды. Мектеп – интернатта класс 6 болды, яғни 1-6 класқа дейін.

Кластардағы оқушылардың саны: 5 класта – 33 бала, 6 класта – 28 бала, 4 класта – 28 бала, 3 класта – 21 бала, 2 класта -30 бала болды. 1 класта – 23 бала болды. Мектеп – интернатта 10 үйірме, тігін шеберханасы, асхана болды.

6 кластың оқушы қыз балалары тігіншінің басшылығымен алғашқы жылдың, өзінде –ақ қыз балалар үшін 30 көйлек, көптеген қолорамал, ақ жағалар тігіп шығарды. Асханада оқушылар кезекшілік жұмыстарын, өзіндік күту жұмыстарын атқарып тұрды. Бұлардың бәрі еңбек тәрбиесінің жолға қойылуына көмектесті,екінші жарты жылдықтан бастап оқушылар биология, физика, география пәндерінен экскурсияға барып, класта алған теориялық мағлұматтарын практикамен ұштастырды. Мектеп- интернатта бақша болды, бақшада оқушылар еңбек етті. Мектеп – интернатта 12 тәрбиеші –мұғалімдер болды, директормен оқу ісінің меңгерушісін қоспағанда.

Алғашқы директор Тілеубергенов Өксікбай, оқу ісінің меңгерушісі Тереков Емберген, аға тәрбиеші Лепесова Зағипа болды.

Мектеп –интернатта бастауыш партия ұйымы болды. Коммунистер саны -7 адам, бастауыш партия ұйымының секретары Лепесова Зағипа. Мұғалімдер бастауыш комсомолецтер саны -17, комсомол ұйымының секретары Жұмағалиев Әбдіраш. Сонымен қатар пионер ұйымы болды, мұндағы пионерлер саны – 95. Бұл кездегі аға пионер вожатый Мерғалиева Роза. Мектеп –интернат ашылар қарсаңында көптеген қиындықтар кездесті, сол қиыншылықтарға қарамастан мектеп –интернат ұжымы осы қиыншылықтарды жеңу жолында аянбай еңбек етті. Соның нәтижесінде оқу 1-қыркүйекте басталды.

Шалқар мектеп –интернаты 1991 жылы № 3 қазақ орта мектебі болып қайта құрылды.