2024-2025 оқу жылы

Р.Қошқарбаев

14.10.2024 5 класпен

“N3ЖОББМ”КММнің 5”Б” сыныбында “Рахымжан Қошқарбаев Рейхстаг үстіндегі ту” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жайлы, Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсінік қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағатына тарих пәні мұғалімі С.Н.Тулебергенов пен АӘжТД пәні мұғалімі Н.Д.Сулейменов қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. https://www.instagram.com/p/DBF_oBRAPcV/?igsh=NTc4djdzNWVraWc3


Р.Қошқарбаев 15.10.2024 10 «б» класпен

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ

Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына байланысты ерліккке тағзым ету, отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу мақсатында “№3ЖОББМ” КММ-нің 10-сыныптарында оқушыларды «Рақымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту” тақырыбында ерлік сабақтары өткізілді. Ерлік сабақтарын өткізу барысында АӘжТД пәні мұғалімі Н.Д.Сулейменовпен оқушыларға Р.Қошқарбаевтың өмірбаяны, ерлігі жайында бейнероликтер көрсетіліп, соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар туралы түсінік берілді.

https://www.instagram.com/p/DBROCx_C0D2/?igsh=Nm9xczBmN3dmNTho


Ант қабылдау 10 сыныптар 21.10.2024 ж.

21 қазан 2024 жылы Республика күні мерекесіне орай «№3 ЖОББМ» КММ-жанынан құрылған С.Ж.Ташкинбаев атындағы «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының мүшелігіне оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмылдыру бөлімшесі бастығы капитан Н.Р.Тулеев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Х.Ниязбаева, С.Ж.Базарбаев, дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Ө.Жандос оқушыларға құттықтау сөздерін айтып, оларға отансүйгіштік, патриоттық бағыттағы кеңестерін айтты. Салтанатты жиын барысында оқушылармен патриоттық әндер айтылып, ант қабылданды. Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмылдыру бөлімшесі бастығы капитан Н.Р.Тулеевпен оқушыларға «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының мүшелігіне қабылданғандығы туралы куәлік берілді. АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы  Н.Д.Сулейменов

https://www.instagram.com/reel/DBd3eGgAQoC/?igsh=MWk0djh1cDE5aTFudA


24.10.2024 жыл Республика күні

«№3 ЖОББМ'» КММ-де 25 қазан Республика күніне арналған «Біздің ел бақытты, біздің ел осындай!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік жиында мектеп директорының тәрбие ісі жөнінің орынбасары А.Қ.Ниязбаева барша қауымды мерекемен құттықтап, еліміздің білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып, нәтижелі жұмыс жасаған ұстаздар мен қызметкерлерге алғыс білдірді. Жиын оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты. Мерекелік шара барысында жетекшілік етуімен 10-сынып оқушылары патриоттық әндерді хормен және жекелей орындады.  Жетекшісі АӘжТД пәні оқытушысы Н.Д.Сулейменов.

https://www.instagram.com/p/DBtMMZBOjF3/?igsh=dndzanNvY2M1cGdk


29.10.2024 жыл

Күзгі каникул кезінде

Күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін 29.10.2024 жылы 10 сынып оқушылары арасында пневматикалық қарудан оқ атуға машықтандыру мақсатында «Мерген — 2024» оқу-жаттығулары жүргізілді. Оқу жаттығулары барысында оқушылар пневматикалық қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережесін біліп, пневматикалық қаруды тік тұрып, отырып ату техникалық тәсілдерін меңгерді.

АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Н.Д.Сулейменов

https://www.instagram.com/p/DB30CpAi7Vn/?igsh=MWxqaDJ0MWo5czVuOQ==


05.12.2024 жыл

Өрт кезіндегі эвакуация

5 желтоқсан күні «№3 ЖОББМ» КММ-нің ғимаратында өрт болған жағдайда осы білім беру ұйымындағы барлық оқушылар, қызметкерлер және басқа да адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жаттығулары өткізілді. Жаттығу өткізу барысында мектеп ғимаратының бірінші қабатында орналасқан асхана бөлмесінде өрт шыққандығы туралы ақпарат анықталып, орын алған жағдайға байланысты мектептің 2-ші ауысымында оқитын оқушылар мен қызметкерлер мектептің қосалқы есіктері арқылы сыртқа шығарылып, қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Нәтижесінде мектеп ұжымы мен оқушыларға өрт болған жағдайда қандай іс-қимылдар жасайтындығы тағы бір мәрте үйретілді.

https://www.instagram.com/reel/DDO-w66ouSv/?igsh=MXY0emg1cjVsMWxieA==


13.12.2024 жыл

С.Ташкинбаев анасымен кездесу

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «√3 ЖОББМ» КММ-де құрылған С.Ташкинбаев атындағы «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының  мүшелері мен АӘжТД пәні мұғалімі Нұржан Сулейменов, сынып жетекшісі Нұрбек Оралбаев, дене шынықтыру пәні мұғалімі Мейрамбек Жандосов аталған клуб аты берілген, білім беру саласына еңбегі сіңген ұстаз, аз ғана ғұмырында өнегелі істерімен есте қалған Ташкинбаев Сәбит Жұмасағиұлының 87 жастағы анасы Роза Таңсыққожинаны мерекесімен құттықтап, мектеп ұжымының сәлемін жеткізді.

Кездесу барысында оқушылар Роза әженің өнегелі әңгімесін тыңдап,батасын алды.

https://www.instagram.com/reel/DDn_kATCq6V/?igsh=N2FrcDQwcnR3enA3


9.12.2024 жыл

5-сынып оқушылары саяхат

Жеткіншек ұрпақты ерлік, Отансүйгіштік,патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында 5-сынып оқушыларымен мектептің С.Ташкинбаев атындағы алғашқы  әскери және технологиялық дайындық пәні кабинетіне саяхат жасалып, танымдық түсіндірме сабағы өткізілді. Оқушыларға кабинет аты берілген С.Ташкинбаевтың өмірбаяны, марапаттары және кабинеттегі әдістемелік көрнекіліктер таныстырылды. Танымдық сабақ 5-сынып оқушыларының қызығушылығын арттырды. Болашақта ел қорғайтын сарбаз және елімізге адал қызмет ететін азаматтар болатындығын айтып,өз әсерлерімен бөлісіп тарасты.

https://www.instagram.com/reel/DDWvXcqOGAt/?igsh=MmU2N3R0eGVoM2x2


18.12.2024 жыл

«Офицер-батырлық мамандығы» атты кездесу кеші

Жастарды еліне, Отанына деген сүйіспеншілікке, Отан алдында адал қызмет атқаруға, Отанды қорғауға баулу және әскери немесе өзге де офицер шеніндегі мамандықты таңдауға шешім қабылдауына ықпал ету, кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 2024 жылдың 18 желтоқсанында «№3 ЖОББМ» КММ-де «Офицер-батырлық мамандығы» атты кездесу кеші өткізілді. Аталған кездесу кешіне офицер шеніндегі лауазым иелері Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Б.Р.Тургунбаев, Шалқар ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Р.Смайлов, Шалқар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Ә.Сегізбаев, Шалқар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты А.Е.Дидар және ата-анасы М.Жалғасұлы қатысты. Кездесу кеші барысында қонақтар 9-11 сынып оқушыларына өздері қызмет атқаратын мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы әңгімелеп,аталған мамандықтарға оқытатын оқу орындары туралы толық мағлұмат беріп, оқушылардың өзге де сұрақтарына жауап берді. Кеш барысында тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың өнері тамашаланды. Сондай-ақ, кешке келген қонақ полиция подполковнигі А.Р.Смайлов та Калашников автоматын бөлшектеу және қайта құрастыру тәсілдерін орындады.

Кездесу кешінен жоғары сынып оқушылары жақсы әсер алды.Кеш соңында оқушылар өздерін қызықтыратын мамандық иелерімен жеке сөйлесіп, байланыс телефондарын алды. Қазіргі уақытта 11-сынып оқушылары арасында ІІМ-нің оқу орнына 4 оқушы, ТЖМ-нің оқу орнына 2 оқушы, ҰҚК-не 1 оқушы оқуға түсіп, болашақта сол салада қызмет атқаруға шешім қабылдап отыр.

https://www.instagram.com/reel/DDyow5aNpBw/?igsh=b2MydGN2ZjBxdTNq


29.01.2025 жыл

Клуб бөлімше командирлері отырысы

29 қаңтар 2025 жылы «№3 ЖОББМ» КММ-жанынан құрылған С.Ж.Ташкинбаев атындағы «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының жетекшісі АӘжТД пәні мұғалімі Н.Д.Сулейменов бөлімше командирлерінің кезекті отырысын өткізді. Кезекті жиын барысында клубтың бөлімше командирлерімен жұмыс жоспарындағы атқаратын іс-шаралар талқыланып, бөлімше командирлері оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар кезекті отырыс кезінде бөлімше командирлеріне білім беру ұйымында терроризм актісін жасау қаупі туындағанда білім алушылардың қандай іс-әрекеттер жасайтындығы түсіндіріліп, бұл жөнінде басқа да оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

https://www.instagram.com/p/DFbxUVPCsuc/?igsh=aXVqbDRpcXdqMmFp


 11.02.2025 жыл

«Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғау.» тақырыбында ашық сабақ

“№3ЖОББМ” КММ-нің эстетика пәндер бірлестігінің апталығы кезінде 10 «б» сыныбында алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында «Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғау.» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ барысында оқушыларға адам денсаулығы мен өміріне қауіп келтіретін табиғи апаттар, жаппай қырып-жою қарулары, техногендік апаттар түрлері, олардан қорғану тәсілдері түсіндіріліп, шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы туралы түсінігі қалыптастырылды. Осы мақсатта сабақ кезінде оқушыларға табиғи апаттар, жаппай қырып-жою қарулары, техногендік апаттар туралы бейнеролик көрсетілді. Топтарға бөлінген оқушылар тақырып бойынша берілген әдістемелік материалдар негізінде  жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, қар көшкіні және тағы басқа табиғи апаттар кезінде жасалатын және тыйым салынған әрекеттер туралы екі жақты күнделік, топтастыру тәсілдерімен көрсете білді. Оқушылар сабақ барысында өздеріне қажетті, қызықты, қиын болған мәліметтер алғандығын «3 Қ» әдісімен көрсетіп, топтар өзара «бармақ» тәсілімен бағалады.

https://www.instagram.com/reel/DF-t4pFi85d/?igsh=MWo5emU2MmE1bzdpMQ==


 13.02.2025 жыл

«Ауған соғысы ардагерлеріне мәңгілік тағзым» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші

https://www.instagram.com/reel/DGCcLpcC9cz/?igsh=Nm95MGpobHV4Y28=

13 ақпан 2025 жылы «№3 ЖОББМ» КММ-де  оқушыларға Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ауған соғысы ардагерлеріне мәңгілік тағзым» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Аталған кездесу кешіне Ауған соғысының ардагерлері, жерлестеріміз Есқалиев Панабек Айдарханұлы, Жанкулов Бисенғали Сидақұлы, Жеңсікбаев Қайрат Ильдашұлы келді. Кездесу кеші барысында ардагерлер оқушылармен еркін сұхбаттасып, Ауған соғысының әкелген қасіреті, қазақ жігіттерінің ерлігі туралы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кеште Ауған соғысы туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен ән айтылып, Калашников автоматының макетін бөлшектеу, құрастыру тәсілдері орындалды

Кездесу кеші оқушыларға әсерін қалдырып, жауынгер ағалардың ерлігін үлгі тұтып Отансүйгіштік сезімдерін жани түсті.

https://www.instagram.com/reel/DGCcLpcC9cz/?igsh=Nm95MGpobHV4Y28=


03.03.2025 жыл

С.Ташкинбаев туған күніне анасымен кездесу

«№3 ЖОББМ» КММ-де құрылған әскери-патриоттық клубына есімі берілген Ташкинбаев Сәбит Жұмасағиұлының 3 наурыз күні дүниеге келген күні. Осыған орай жеткіншек ұрпақты С.Ж.Ташкинбаевтың рухына тағзым етуге, есімін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 3.03.2025 жылы мектеп директорының орынбасары Л.Е.Айтымбетова, АӘжТД пәні мұғалімі Н.Д.Сулейменов, баскәсіподақ ұйымының төрағасы С.Н.Тулебергенов және С.Ташкинбаев атындағы «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының бір топ мүшелері білім беру саласына еңбегі сіңген ұстаз, спорт ардагері, аз ғана ғұмырында өнегелі істерімен есте қалған С.Ж.Ташкинбаевтың 87 жастағы анасы Роза Таңсыққожинаны мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасап мектеп ұжымының сәлемін жеткізді.

Кездесу барысында оқушылар Роза әженің С.Ж.Ташкинбаев туралы естелік әңгімелерін естіп, өнегелі әңгімесін тыңдап, батасын алды.

 

https://www.instagram.com/reel/DG0Lh3MCFcO/?igsh=MTl0dnRtcXFlOTh3ag==


06.03.2025 жыл

Өрт-тактикалық сабағы

06 наурыз 2025 жылы «№3 ЖОББМ» КММ-де қызметкерлер мен оқушылардың өрт болған жағдайдағы алғашқы іс-қимыл әрекеттеріне машықтандыру, өрттерге жол бермеу және уақытылы ден қою мақсатында Шалқар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Шалқар ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен бірлескен өрт-тактикалық сабағы ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DHDKo1Ril1c/?igsh=YXZ5NTNiMmMwZXM5


25.04.2025 жыл

С.Ж.Ташкинбаевты еске алу кеші. Негізгі.

25 сәуір 2025 жылы шәкірттерге әскери-патриоттық тәрбие беруде адал қызмет етіп , шәкірт тәрбиелеуде өзіндік таңбасын қалдырған тұлға Ташкинбаев Сәбит Жұмасағиұлын еске алуға арналған «Өшпес өнеге иесі» атты әскери — патриоттық сайыс өткізілді.

⚜️ Еске алу кешіне «В.Цеханович атындағы №1 мамандандырылған балалар -жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Дәрібаев Дәулет Киікбайұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері — Ақпанов Алтынбек Бердібекұлы , ардагер ұстаздар — Құлетов Сәрсенғали Ордаұлы, Қазиева Роза Қуанышқызы сонымен қатар Сәбит Жұмасағиұлының отбасы, замандастары, достары қатысып естеліктерден сыр шертіп, жылы лебіздерін білдірді.

⚜️ Шара барысында Сәбит Жұмасағиұлының ұлы Данияр Сәбитұлы «№3 ЖОББМ» КММ-сіне алғысын білдіріп, сыйлығын тарту етті.

https://www.instagram.com/reel/DI4PiPnSXAs/?igsh=MWlqMWpjczZpczdvbQ==


25.04.2025 жыл

С.Ж.Ташкинбаевты еске алу кеші. Командалық ұтыстар.

«7-мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9 — мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына» орай грек-рим күресінен спорт шебері, білікті ұстаз, АӘД пәнінің үздік мұғалімі Ташкинбаев Сәбит Жұмасағиұлын еске алу мақсатында оқушылар арасында өткізілген

«Жас сарбаз-2025» әскери-қолданбалы спорттық сайыста:

1 орынмен «№3 ЖОББМ»

2 орынмен « №2 мектеп — гимназия»

3 орынмен «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» марапатталды.

📜 Алғыс хат иеленген :

«№7 ЖОББМ»

«І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ»

«№6 ЖОББМ»

«Қарашоқат ЖОББМ»

«№1 мектеп-гимназия»

«Қаратоғай ЖОББМ»

«М. Тәжин атындағы ЖОББМ»

«№5 мектеп мектеп-лицейі»

«Көпсалалы колледж» марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DI52euputPv/?igsh=cTlua3U1cTNjM3pv

КОМАНДАЛЫҚ ҰТЫСТАР:

АЛҒЫСХАТ ИЕЛЕНГЕН КОМАНДАЛАР:


25.04.2025 жыл

С.Ж.Ташкинбаевты еске алу кеші. Калашников автоматының оқу макетін бөлшектеу және жинау сайысы.

«7-мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9-мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына» орай грек-рим күресінен спорт шебері, білікті ұстаз, АӘД пәнінің үздік мұғалімі Ташкинбаев Сәбит Жұмасағиұлын еске алу мақсатында оқушылар арасында өткізілген «Жас сарбаз-2025» әскери-қолданбалы спорттық сайыста

Калашников автоматының оқу макетін бөлшектеу және жинаудан:

І-орынмен «№3 ЖОББМ» оқушысы Молдағали Нұрымжан

ІІ-орынмен «№2 мектеп- гимназия» оқушысы Серғазин Жолдасбек

ІІІ — орынмен «№6 ЖОББМ» оқушысы Ербол Ерасыл марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DI57HDBuhXQ/?igsh=bjF2amxjYnMzMWR1


25.04.2025 жыл

С.Ж.Ташкинбаевты еске алу кеші. Қол күресі сайысы.

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9-мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына » орай грек-рим күресінен спорт шебері, білікті ұстаз, АӘД пәнінің үздік мұғалімі Ташкинбаев Сәбит Жұмасағиұлын еске алу мақсатында оқушылар арасында өткізілген «Жас сарбаз-2025» әскери-қолданбалы спорттық сайыста қол күресі жарысынан:

І — орынмен «№3 ЖОББМ» оқушысы  Есенғалиев Бердіғали

ІІ — орынмен «№7 ЖОББМ» оқушысы Жарас Ислам

ІІІ —  орынмен «№5 мектеп-лицей» оқушысы Диас Сембин марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DI58FuEOj0S/?igsh=M3Z4eWVtMGEyZ2t6


25.04.2025 жыл

С.Ж.Ташкинбаевты еске алу кеші.

Пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы.

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9-мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына » орай грек-рим күресінен спорт шебері, білікті ұстаз, АӘД пәнінің үздік мұғалімі Ташкинбаев Сәбит Жұмасағиұлын еске алу мақсатында оқушылар арасында өткізілген «Жас сарбаз-2025» әскери-қолданбалы спорттық сайыста пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан:

І — орынмен «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» оқушысы Шәріпов Мадияр

ІІ — орынмен «Қаратоғай ЖОББМ» оқушысы Әскербек Ернар

ІІІ — орынмен «№6 ЖОББМ» оқушысы Жолаш Нұрғалым марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DI59MBUO9Iu/?igsh=MWVkZmt0ZGNxZDFiNg==


25.04.2025 жыл

С.Ж.Ташкинбаевты еске алу кеші.

Арқан тартыс сайысы.

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9-мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына»  орай грек-рим күресінен спорт шебері, білікті ұстаз, АӘД пәнінің үздік мұғалімі Ташкинбаев Сәбит Жұмасағиұлын еске алу мақсатында оқушылар арасында өткізілген «Жас сарбаз-2025» әскери-қолданбалы спорттық сайыста арқан тартыс жарысынан:

І — орынмен «№3 ЖОББМ»

ІІ — орынмен «№8 ЖОББМ»

ІІІ — орынмен «Шалқар көп салалы колледжі» марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DI6BGywu7Ln/?igsh=MXh5aXUzYzF5dGxmMw==


25.04.2025 жыл

С.Ж.Ташкинбаевты еске алу кеші.

Төрешілерге марапат.

7- мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9-мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына»  орай грек-рим күресінен спорт шебері, білікті ұстаз, АӘД пәнінің үздік мұғалімі Ташкинбаев Сәбит Жұмасағиұлын еске алу мақсатында оқушылар арасында өткізілген «Жас сарбаз-2025» әскери-қолданбалы спорттық сайыста әділ төрешілік жасаған:

🔹Бөлекбаев Манасхан — «№2 мектеп-гимназия» КММ АӘжТД пәні мұғалімі;

🔹Бекболат Нұрым — «№6 ЖОББМ» КММ АӘжТД пәні мұғалімі

🔹Туралы Береке — «ГКС-12 ЖОББМ» КММ АӘжТД пәні мұғалімі

📜 алғыс хатпен марапатталды.


29.04.2025 жыл

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» — атты түсіндірмелік ерлік сабағы. 10 сынып

Өскелең ұрпақты ерліккке тағзым ету, отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу мақсатында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай “№3ЖОББМ” КММ-нің 10-сыныптарында оқушыларымен «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» — атты түсіндірмелік ерлік сабағы өткізілді.

Ерлік сабағын өткізу барысында АӘжТД пәні мұғалімі Н.Д.Сулейменов оқушыларға Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлардың өмірбаяны, ерлігі жайында бейнероликтер көрсетіліп, соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы түсіндірді.
Ерлік сабағы оқушыларға әсерін қалдырып, Қазақстандық батырлардың ерлігін үлгі тұтып Отансүйгіштік сезімдерін жани түсті.

Оқушылар болашақта елімізге адал қызмет ететін азаматтар болатындығын айтып, өз әсерлерімен бөлісті.

https://www.instagram.com/p/DJI5SEiIyTK/?igsh=NGhkZ3ZpODlseDhs