2023-2024 оқу жылы


15.12.2023ж    

16желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай “№3 ЖОББМ” КММ-нің бастауыш сыныптары арасында “Тәуелсіздік-бақытым, бар байлығым” атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа 17оқушы қатысып, тақырып аясында танымал ақындардың өлеңдерін жатқа орындады. Нәтижесінде төмендегі  оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

Бас жүлде- Бержан Нұрсәт, 2″Б” сыныбы

І орын- Ескендір Нұрасыл, 1″А” сыныбы

ІІ орын- Бекболат Алданыш, 4″А” сыныбы; Тасполат Нұрали,3″А” сыныбы

ІІІ орын- Әлім Аида, 2″А” сыныбы; Асхатұлы Мухаммад, 4″Б” сыныбы; Бақытжан Іңкәр, мектепалды “А” сыныбы.

Қатысқан оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

МДБСЖО: Г.А.Сарина


“N3 ЖОББМ” КММ-нің тәрбие жоспарына сәйкес “Даналық мектебі” жобасы аясында бастауыш сыныптардың ата-аналарымен “Әкеден-ақыл, анадан-мейір” атты отбасылық сайыс өткізілді. Рухани құндылықтар мен ынтымағы жарасқан отбасыларды насихаттауға бағытталған шараға 4 отбасы қатысты.  Сайысқа мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы М.Ж.Тілеп, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Ниязбаева, тәлімгер Ә.С.Бердалина қазылық етті. Нәтижесінде, мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің қайнар көзін көрсеткен Жақсылықовтар отбасы ” Мерейлі отбасы” номинациясымен; ой ұшқырлығымен және зиялылығымен ерекшеленген Мамбетрзаевтар отбасы ” Білімді де білікті отбасы” номинациясымен; отбасылық құндылықтардың қайнар көзін көрсете білген Әбдіғалиевтер отбасы “Өнегелі отбасы” номинациясымен, береке-бірліктің қайнар көзін көрсете білген Мұхамбеталиевтер отбасы ” Ынтымағы жарасқан отбасы” номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары: Г.А.Сарина


9- ақпан  қазақтың ұлы ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған “Мұқағали – мәңгілік ғұмыр” атты 3″А” сынып оқушыларының қатысуымен әдеби кеші өтті.

Мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту.

Сынып жетекшісі: Ж.Қ.Ашықбаева