2023-2024 оқу жылы


Мектепалды сыныптарда тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту жолдарын тиімді әдістермен жүргізудегі тәрбиешілердің кәсіби шеберлігі зерделенді.

     Тәрбиелеу-білім беру процесі:перспективалық жоспарға; циклограммаға сәйкес жүзеге асады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпта тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 1- қосымшасына «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесіне» сәйкес педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын әзірлеген, апта сайын циклограмма құрылған.

  Балалардың сөйлеу әрекеті, есептеу дағдылары қалыптасқан. Сөйлеуді дамыту іс-әрекетінде нейрожаттығулар арқылы амандасу түрлерін меңгерте отырып, диалог арқылы балалардың айтылым дағдысын дамытуға басымдық берілді. Математика негіздері іс-әрекеті арқылы санау дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер балалардың сабаққа қызығушылығын оятты. Топтық, жұптық тапсырмалар қамтылды. Балаларға таратылған үлестірме материалдар тапсырмаларды белсенді орындауға негіз болды.  Дегенмен, уақыт үнемделмей қалды. ЕББҚЕ оқушы үнемі назарда болуы,  балаларды ынталандыру әдістерін жетілдіру қажет. Тәрбиешілерге ЕББҚЕ тәрбиеленушімен жұмысты жүйелеуге, ынталандыру әдістерін жетілдірге, уақыт үнемдеуге қатысты ұсыныстар айтылып, кері байланыс берілді.

МДБСЖО:Г.А.Сарина


15-31.01.2024 жыл аралығында бастауыш сыныптарда көркем еңбек, бейнелеу өнері пәндерінің берілуі зерделенді.

Бақылау мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейін зерделеу

Еңбек пәнінің  мұғалімі туралы мәлімет

Аты-жөніТуған жылы, айы, күніБітірген оқу орныбілімімамандығыПед өтілісанатыСыны бы
1Жандосова Ардақ Серікқызы20.01.1982жҚ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеті                                                                                ЖоғарыБейнелеу өнері  22 жылІ санат  1-4

Педагог тарапынан жаңа материалды меңгертуге, оқушыға бағыт беру, түрткі сұрақ,  , тақырыпты бекіту; игерілген білімді тиянақтауға бағытталған тапсырмалар қамтылды. Оқушының өз бетімен ізденісіне деген қарым-қатынастық машықтар жүзеге асырылып, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге басымдық берілді. Пән мұғаліміне сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді, бағалау жүйесін жетілдіруге, цифрлық ресурстарды қолдану аясын кеңейтуге ұсыныстар берілді.

                                                                                              МДБСЖО:   Г.А.Сарина


N 3 ЖОББМ” КММ-нің мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес ШОТ, МАД тәрбиеленушілерінің,  1-4 сынып оқушыларының құжаттарының талапқа сай толтырылуын қамтамасыз ету мақсатында іс-қағаздарының жүргізілу барысы зерделенді.

«Еркем-ай» және «Айгөлек» шағын  шағын топтарында 39 тәрбиеленушінің  құжаттары жинақталған. «Е.aktobe» порталы бойынша жолдама алынған. МАД топтарында-41 тәрбиеленушінің, 1-4 сынып бойынша 176 оқушының деректері Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰБДҚ-НОБД) тіркелген. Ата-анасының  бірінің немесе  заңды өкілінің  жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, Баланың тууын куәландыратын құжат көшірмесі толық жинақталған. 026 есеп нысаны бойынша баланың денсаулығы туралы паспорттар барлық балада бар.

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары: Г.А.Сарина