Кітапхана

25-қазан Республика күніне орай 7″А” сыныбы мектеп кітапханасымен бірлесе отырып “Қазақстан Республикам – менің” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сынып жетекшісі: Г.Досниязова


Мектеп кітапханашысы Г.К.Жасарованың жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының оқулықтарының ұқыптылығын, тазалығын тексеру жұмыстары жүргізілді


Кітап алма ағашы,
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, әдеби кітаптармен оқулықтар – білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш сыныптың өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Күзгі каникул жоспарына сәйкес кітапханашы Г.Жасарова “Кітап ұстау ережесі” тақырыбында  оқушылармен жұмыстар жүргізді.


“#3 ЖОББМ” КММ-де  ҚР Тәуелсіздік күніне орай “Желтоқсан жаңғырығы – егемендік” атты кітап көрмесі қойылды.
Мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздік алу жолындағы ата -бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандары мен желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Мектеп кітапханашысы Г.К.Жасарова





“Оқуға құштар мектеп “жобасы аясында және де мектеп жоспарына сәйкес Авиация генерал​ -майор,Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына​ орай 7″Б” сынып оқушыларымен ұйымдастырылған “Қазақтың текті қыраны -Талғат Бигелдинов ” атты портрет кеші

өтті


Мектеп жұмыс жоспарына сәйкес МАД тобы балалары мектеп кітапханасына саяхат жасады
МАД тобының жетекшісі:А.Томакова
Кітапханашы Г.Жасарова