Мектеп Парламент, Жас Ұлан 2024-2025 оқу жылы
«Ата-ананың тәрбиесі- бала мінезінің іргетасы» тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысында «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Ә.Н.Әбдіжамил және фракция жетекшілері «Өзін-өзі басқарудың құндылығы» тақырыбында баяндама оқылды.
«Мектеп парламенті» тұжырымдамасы негізінде «Мектеп президенті» сайлауы өткізілд
«Өзін-өзі басқару» ұйымының мектеп президенті Әбдіжамил Бекнұр Нүрбекұлы мектепке келген студенттерімізге жаңадан ашылған Ташкинбаев Сабит Жұмасағиұлы атындағы «Алғашқы әскери дайындық» кабинетін және мектеп мұражайын таныстырып, саяхат жүргізді.
«Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен «Жарқын жастық-баянды болашақ» атты мектебіміздің түлектері, қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттермен кездесу кеші өтті.
«Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен ретро шоуы өткізілді.Мақсаты:білім алушылардың уақытын тиімді пайдалану,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Іс-шара барысында оқушылар танымал композиторлардың керемет әндерін орындап, ән өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра білді.
«Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Әбдіжамил Бекнұр зейнеткер ұстаз Таңсықбаева Алмагүл апайымызды құттықтап, батасын алды.
«Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен «Жайдарман» ойыны өткізілді. Мақсаты:оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге,топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.