2022-2023 оқу жылы



Халықаралық   Пони білімпаз байқауының жеңімпазы-Серік Раяна І орынмен мрапатталды. ҚұттықтаймызІ

Топ тәрбиешісі:А.А.Абдигалиева


«Балалар жылы» аясында «Оқуға құштар ұлт» жобасын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Каникулда кітап оқимыз»марафонына белсенділік танытып,электронды кітаптарды оқуды меңгеріп,терең білімімен, алғырлығымен            «Ең көп кітап оқитын оқушы » номинациясының жеңімпазы 4 «А» сынып оқушысы Наурызғалиұлы Исмаил ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.Құттықтаймыз!


«Балалар жылы» бағдарламасы аясында бокстан кіші жасөспірімдер арасындағы Шалқар аудандық ашық біріншілігінде 30 кг салмақ дәрежесінде 3«Б» сынып оқушысы Жолдыбаев Әлинұр ІІІ-орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!


Аудандық «Ән шырқайық бәріміз» атты патриоттық әндер байқауында мектепалды «Б» сыныбының тәрбиеленушісі Нағашыбай Арайлым Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

Жетекшісі:А.Томақова


Аудандық «Әкеге қарап ұл өсер » атты эстафеталық  ойынында  мектебіміздің 4 сынып оқушысы Нұрболатұлы Нұртілеу әкесімен бірге қатысып, жүлделі І-орына ие болды.


Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаев шығармашылығын жастар арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы » атты байқауында  Бақытжан Зайнаб І-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Жетекшісі:Л.Жандосова.