"№3 ЖОББМ" КММ

«Жеміс-жидек пен көкөністер қонақта» сахналық қойылым қойылды

Бастауыш бірлестігінің жоспарына сәйкес тәрбиеші А.Абдігалиеваның ұйымдастыруымен шағын орталықта «Жеміс-жидек пен көкөністер қонақта» сахналық қойылым қойылып,балалармен жұмыс жүргізілді. Мақсаты:балаларға жеміс-жидек пен көкөністерді ажырата білу,сөздік қорларын дамыту,әңгімелей білуге үйрету.

«Өсімдіктер әлемі » тақырыбында бөлме өсімдіктері таныстырылды

15 қараша күні  Бастауыш бірлестігінің жоспарына сәйкес  4«А» сынып оқушыларына «Өсімдіктер әлемі » тақырыбында бөлме өсімдіктері таныстырылып, оларды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстың мақсаты: балаларды ұйымшылдық, тазалық, жауапкершілікке тәрбиелеу.

25-қазан Республика күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында Республикалық диктант жазылды

25-қазан Республика күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында Республикалық диктант жазылды. Жалпы Республикалық диктантты өткізудің мақсаты – Мемлекеттің құндылықтар мен қағидаттарын құрметтеу, Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келіісім мен ел бірлігін нығайту.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында шағын орталық тобының  тәрбиеленушілері мектеп кітапханасына саяхат жасады

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында шағын орталық тобының  тәрбиеленушілері мектеп кітапханасына саяхат жасады. Мақсаты: мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерді  кітапқа деген қызығушылығын арттыру Топ тәрбиешісі-А.А.Абдигалиева

Хабарландыру!

Хабарландыру!

“№3 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ-сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының(19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес АӘжТД пәні мұғалімі 1-бірлік тұрақты бос...