Рубрика: Жаңалықтар
2024-2025 оқу жылы бойынша 20 тамыз күні жоспарға сәйкес қамқоршылық кеңес отырысы өтті
Күн тәртібіндегі мәселелер: 1.2024-2025 жаңа оқу жылына мектептің дайындығы.(ішкі тәртіп, мектеп формасы, сағат саны, кезекшілік) 2.»Мектепке жол» акциясы. 3.Қала сыртындағы лагерьге ұсынылып отырған оқушылар. Қамқоршылык кеңесте әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына қаржылай көмек...
«Алгоритмика мышонка » ойыны
«Еркем-ай «шағын орталық тобында STEM- технологиясы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтті. Тәрбиеленушілер «Алгоритмика мышонка » ойыны арқылы танымдық белсенділігі мен кеңістік бағдарлауын дамытып, робототехникаға арналған қосымша оқу жабдықтарымен танысты. Топ тәрбиешісі: Абдигалиева Айгуль Аманжоловна
Қағаздан және қардан аққала жасау іс-әрекеті өткізілді
«№3 ЖОББМ» КММ-де «Айгөлек» шағын орталық тобында шығармашылық білім беру саласы бойынша қағаздан және қардан аққала жасау іс-әрекеті өткізілді. Мақсаты. Тәрбиеленушілерге аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала жапсыруды, жасауды үйрету. Әдемілікке, тазалыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу....
Рәміздер туралы түсінік берілді
«#3ЖОББМ» КММ-нің «Айгөлек» шағын орталық тобында тәрбиеленушілердің қатысуымен тәжірибе жасау арқылы тудың бейнесін шығарып, Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы түсінік берілді. Топ тәрбиешісі: А.С.Жулекенова
«Су бетінен оюдың бейнесін көру» тәжірибесі ұйымдастырылды
«3 ЖОББМ»КММ -де «Айгөлек» шағын орталық тобында балаларға ұлттық ою-өрнек туралы түсінік беріп, қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Су бетінен оюдың бейнесін көру» тәжірибесі ұйымдастырылды. Топ тәрбиешісі: А.С.Жулекенова
Балалардың сезімдерін сурет арқылы жеткізуге бағытталған жаттығулар қолданды
Мектепалды «А» сыныбының тәрбиешісі Э.Шаншарова тәрбиеленушілермен ауа арт-терапиясын ұйымдастырып, балалардың сезімдерін сурет арқылы жеткізуге бағытталған жаттығулар қолданды. Балалардың жасырын қабілеттерін анықтауға, қоғаммен байланыс жасауға, өзін-өзі бағалауды үйретуге басымдық берілді.
Каникул кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолы
Каникул кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолы- білімдегі олқылықтарды жоюға бағытталған қосымша сабақтар. 3.01-5.01.2024ж аралығында бастауыш сынып мұғалімдері Л.Жандосова, М.Тажмагамбетова, Ж.Наурызалы, Л.Тенисбаева, Н.Батырова жағымды оқу ортасын ұйымдастырып, оқушыларға қолдау көрсетті.
Жазылым дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қосымша сабақтар өткізілді
Күзгі каникул күндері 1-сынып оқушыларының мектепке табысты бейімделуін, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қосымша сабақтар М.Тажмагамбетованың ұйымдастыруымен өткізілді. Білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында Л.Жандосова 3″Б» сыныбында жекелеген оқушылармен жұмыс жасады.

