‘Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман’ атты жас мамандар апталығының ашылуы

10 сәуір күні ‘Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман’ атты жас мамандар апталығының ашылуы өтті.Мақсаты- жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау,  оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, қолдау көресету. Мектеп басшысы Айғаным Қорабайқызы жас мамандарға сәттілік тілей отырып, болашақта үлгі тұтар бас маман, ұлағатты ұстаз болуына тілектестігін білдірді.