Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің онкүндігінің жабылу салтанаты

ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ. 20.02.2023-03.03.2023 Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің онкүндігінің жабылу салтанаты болып өтті. Жиынды Әбсұлтанов Саян “Жаса, қазақ тілім” әнімен бастап, 11 сынып оқушылары ұстаздарға арнап ағылшын тілінде әндерін арнады. 9а сынып оқушылары “Мы желаем счастья вам” әнімен жалғастырды. Сонымен қатар онкүндікте белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.