“Әскерге бару-азаматтық парызым” тақырыбында кездесу кеші

16 ақпан “№3 ЖОББМ” КММ-де “Әскерге бару-азаматтық парызым” тақырыбында және Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күнінің 34 жылдығына орай 9-11сынып ер балалары және ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Абай Мұханбетжанұлы, ҚРҰҚК Шекара қызметі Шалқар шекара бөлім басшысының орынбасары, майор Рахат Төлешұлы, Шалқар ауданы білім бөлімінің АӘжТД пәнінің әдіскері Ерсұлтан Өнербай қатысты.