“ӨНЕРДІҢ МЫҢ ТҮРЛІ КЕРЕМЕТІ” атты оқушылардың шығармашылық кеші

2023 жылдың 27 сәуірі күні мектебімізде “ӨНЕРДІҢ МЫҢ ТҮРЛІ КЕРЕМЕТІ” атты оқушылардың шығармашылық кеші өткізілді.

Мақсаты: өнерпаздар мен таланттылардың, дарындылар мен көшбасшылардың даңқын асыру. Оқушылардың абыройын асқақтатып, мектеп мақтаныштарын дәріптеу.

Бұл кеште талай сайыстарда топ жарған жеңімпаз әншілер, бишілер, күйшілер, мәнерлеп оқу шеберлері т.б. өнер тарландары өнер көрсетті. Шара бұл жай ғана шығармашылық есеп емес. Бұл оқушыларымыздың жыл бойғы еңбек еткен жұмыстарының нәтижесі.

Шығармашылық кешке аудандық мәдениет үйінің драма театрының режиссері Мутова Айгүл Жарылғасынқызы, аудандық # 2 балалар кітапханасының меңгерушісі Абдыкова Роза Жәдігерқызы және кітапханашы Сәрсенбаева Шыражан Тағыбергенқызы қатысты. Мектеп директоры Айғаным Қорабайқызы шараның өз мәнінде өткенін, барша ұйымдастырушылар мен қатысушыларға,ата-аналарға өз ризашылығын білдірді.