Әкімшілік бақылау

Мектеп жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 15.05-19.05 аралығында 9-11 сыныптар арасында математика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, биология, география, химия, физика пәндерінен әкімшілік бақылау алу жоспарланды. Осы жоспарға сәйкес 16.05.2023 ж күні оқушылардың білім, білік дағдысын нақты анықтау мақсатында комиссия мүшелері Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бақылау жүргізді. Әкімшілік бақылау алыну барысын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Айтымбетова қадағалады.