«Егіздің -тәңірдің берген сыйы» ток шоу
15 мамыр -халықаралық Отбасы мерекесіне орай «Егіздің -тәңірдің берген сыйы» тақырыбында мектебіміздің оқитын егіздермен ток -шоу өтті. Іс -шара барысында егіздер туралы қызықты ақпараттардан жинақталған бейнролик көрсетілді.
Сонымен қатар педагог -психолог Р.Қосбармақова нейрожаттығулар жасматып егіздерді тағы да бір қырынан танытты. Шара барысында ата -аналарға қызықты сұрақтарқойылды. Аналармен бірге дайындап келген өнерлерін егіздер көрермен қауымға тарту етті. Кештің тосын сыйы болып аниматорлар келіп егіздерді қуанышқа бөледі. Мерекелік шарада сынып жетекшілердің қолдауымен әзірленген сый -сыяпат табысталып, керемет көңіл күйде кеш аяқталды.

