«Ұлттық мектеп -ұлыларды ұлықтау» жобасы

Ұлттық мектеп: ұлыларды ұлықтау «Ұлттық мектеп -ұлыларды ұлықтау» жобасы аясында қазақ лингвистикасының негізін қалаған қазақ әдебиетінің өркендеуіне үлес қосқан, қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға -Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды. Мектебіміздің жаңа кітапханасына шығыстың ұлы ойшыл, түркі әлемінің философы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл -Фараби аты берілді.