Қазмағамбет Күнімкүл Әбілфайызқызының зейнеткерлік жасқа шығуы

Әрбір еңбек адамы зейнет жасына жеткенде әріптестері зор құрметпен, ыстық ықыласпен салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салса, ол адам үшін одан асқан қуаныш жоқ. Бұл құрметті ұзақ жылғы еңбек пен ізденістің жемісі деп бағалауға болады. Білім беру саласында ұзақ жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан «№ 3 ЖОББМ» КММ -нің математика пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз Қазмағамбет Күнімкүл Әбілфайызқызының зейнеткерлік жасқа шығуына орай «Білім айдынындағы мәнді ғұмыр» атты мерекелік кеш өткізілді.

Салтанатты шара мектеп директоры Ізтлеуова Айғаным Қорабайқызының құттықтауымен басталып, білім айдынында бірге қызмет жасаған әріптестерінің, ұстаздың отбасының ақ тілек лебіздерімен жалғасты. Мереке кейіпкері өз кезегінде өзіне көрсетілген құрметке алғыс айтып, мектеп жұмысының алға басуына тілектес екенін білдірді.