Онлайн-сабақтар

«Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасының аясында Шалқар ауданының шағын жинақты мектептерінің балалары үшін онлайн-сабақтар өз жұмысын бастады. «№3 ЖОББМ» КММ мұғалімі А.Т.Биханова математика пәні бойынша өңірдің екі магнитті мектептердің 11 сыныптарына онлайн-сабақ жүргізді.