“Бірігей болмыс” тақырыбында кеш

N3 ЖОББМ”КММ-де Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай ұлағатты ұстаз, білікті басшы Ізтлеуова Айғаным Қорабайқызының тұлғалық болмысын,дара жолын кейінгі жастарға үлгі ету мақсатында “Бірігей болмыс” тақырыбында кеш өткізілді.Кеш оқушы Айғанымның балалық шағын, өскен ортасын,оқушылық кезеңдерін еске түсіретін естелік бейнебаяннан басталды.Айғаным Қорабайқызының анасы байланысқа шығып, қызының мектепте үздік оқып,үлгілі оқушы болғанын,бала кезден ұстаз болуды армандағанын айтты.Отбасылық өмір кешінде бірге жүрген,қайынапасы Зәуреш апайда атасының батасын алған үлгілі келін отбасының ұйытқысы,адал жар,4бала тәрбиелеп отырған аяулы ана екендігін көпке үлгі етті.Айғаным Қорабайқызының бірге жүрген достары,ұстаздық мамандықты еншілеген құрбылары Анар Бахытқызы мен Зейнегүл Кәдірбекқызы дәрігер Жанат Алданқызы Айғаным туралы қызықты естеліктермен бөлісіп,жылы лебіздерін білдірді.Оның достыққа адалдығын, қашанда көмек қолын созуға даяр тұратын қайырымды дос екендігін атап өтті. Кеш барысында Айғаным Қорабайқызы алғашқы еңбек жолының қалай басталғанына,қызметтес болған ұстаздарына тоқталды.Ұстаздық ұлы жолды ұлықтаған кеш кейіпкерінің тәлімгер ұстаздары,әріптестері Күнжәмила Орынбасарқызы,Айнаш Ермекқызы,Жанар Темірханқызы сөз алып, ұстаз Айғанымның даралық қасиеттерін-еңбекқорлығын,білімділігін,жаңалықты тез қабылдайтынын,креативті ойлайтынын үнемі ізденісте жүретінін бағалайтындарын айтты.Олардың пікірінінен сөзі мен ісі ерекше үйлесім тапқан,жан дүниесі рухани бай,сөзге шешен ,ақындық өнері бар әріптестерін мақтан ететіндіктері байқалды.Талай шәкірттің жұлдызын жағып және тұлға болып қалыптасуына зор ықпал еткен аяулы ұстаздары туралы Жансәуле Әбілқайырқызы,Жасұлан Жанатұлы,Естай Бекетұлы естелік әңгімелермен бөлісті.Шәкірттік алғыс сезімдерін білдіріп,гүл шоқтарын ұсынды.Кәзіргі таңда Айғаным Қорабайқызы басшылық ететін мектептің аға буын ұстаздары Сәрсен Ордаұлы,Гүлзира Қыдыралықызы кеш кейіпкері туралы жақсы пікірлерін білдіріп,алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі. 10-сынып оқушысы Амангелді Айнара орындаған “Ұстазым” “Сізге мың алғыс”әні көп көңілінен шығып,кеш мазмұнын аша түсті. Кеш соңында Айғаным Қорабайқызы кеш қонақтарына,қатысушыларға ризашылығын білдірді.