«Жанашыр жүрек» атты республикалық халықтық акция аясында мерекелік концерт
#3ЖОББМ» КММ -де мейірімділік – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспеншіліктен туындайтын жүрек мейірбандығы. Республика күні қарсаңында «Жанашыр жүрек» атты республикалық халықтық акция аясында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда қайырымдылық көрсетудің маңызы айрықша.«№3 ЖОББМ» КММ ұстаздары демеушілікпен мектебіміздің 85 оқушысына,мектебіміздің 1970 жылғы түлектері демеушілікпен ерекше білімді қажет ететін 8 оқушыға сыйлыққа қаржылай демеушілік жасады.Мектебіміздің 1970 түлектері Аманғазы Жарасұлы, Елтай Сүндетов, Мұханбетжан Қосшыбаев, Сағитжан Назаров, Қаршыға Алмаганбетов құттықтау сөзін сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Акция барысында оқушылар әсем әннен шашу шашып, күй тартып,би биледі.Акцияға Шалқар ауданының білім бөлімінің бас маманы Дидар Аманғосқызы қатысып,«29 қазан-Қамқоршылар күніне» орай қорғаншы ата-ана Алдамбергенова Гүлзираға білім бөлімінің басшысы Қ.Жұмахановтың Алғыс хаты табысталды.
Шара соңында мектеп директоры Айғаным Қорабайқызы акцияның өтуіне ат салысқан демеушілерге, ұстаздар қауымына алғысын айтты. Қайырымдылық нұрын сезінген 93 оқушының келбетінен ұстаздарға деген шексіз алғыс пен әсерлі сезімнің табы сезіліп тұрды.

