Мектеп асханасына білім алушылардың ыстық тамақты ұйымдастыру мақсаттарында тексеріс

Ағымдағы жылдың 20 қазан күні мектеп бойынша құрылған бракераждық комиссия мүшелері: мектеп директоры А.Қ.Ізтлеуова, мектеп директорыныңТЖ орынбасары А.Ниязбаева, қамқоршылар кеңесінің төрағасы А.Бақтыбаев, білім бөлімінің бас маманы Д.Ақмалай ,медбике Р.Құрмашева, әлеуметтік педагог А.Аманжолова мектеп асханасына білім алушылардың ыстық тамақты ұйымдастыру мақсаттарында тексеріс жүргізді. Тексеру барысында асхананың жай-күйімен, әкімшілік кезекшілік уақыты және оқушылардың тамақ уақыты, аз мәзірімен танысты. Асхананың тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары белгіленген жарамдылық мерзімдеріне дейін сәйкестігін тексерді. Дайын астың сапасы мен уақытында берілуі мектеп тарапынан қатаң бақылауда екендігі ескертілді.