«Арнаулы білімді болу шарт емес» дебат ойыны
«Арнаулы білімді болу шарт емес» дебат ойыны
Зерттеу мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
— Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
— Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
— Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
— Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
Зерттеу уақыты: 22.11.2022ж
Зерттеген: Қосымша білім беру педагогы
22 қараша күні жастардың әлеуметтік дамуына, қоғам өміріне белсене араласуына, оның ішінде: өз көзқарасын дәлелдеуге, пікір айта білуге, акпаратты талдай білу қабілетін арттыру мақсатында «Дарындыға даңғыл жол» атты апталығында «Арнаулы білімді болу шарт емес» тақырыбында дебат ойыны ұйымдастырылды. Дебатқа 8-9 сынып оқушылары қатысып:
«БОЛАШАҚ» командасы І орын,
«НАМЫС» командасы ІІ орын
«ЕҢ ҮЗДІК СПИКЕР» болып 9а сынып оқушысы Аманғали Асылай марапатталды.






