«Әлеуметтік желіде отырып, жастар не ұтады?.. пікірталас

«Әлеуметтік желіде отырып, жастар не ұтады?.. пікірталас

Зерттеу мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың Интернет туралы толық ой қалыптастыру , оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Зерттеу уақыты: 23.02.2023 жыл

Зерттеген: Қосымша білім беру педагогы

Әлеуметтік желіде отырып, жастар не ұтады?.. тақырыбында мектебіміздің 10 сыныптары арасында дебат өткізілді. Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту – өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет.

Дебат клубтарының мақсаты – оқушылардың ретке келтірілген көзқарасын, пікір мен идея алмасу қабілеттерін дамыту. Дебат АПФ ұйымдастырылды, төрешілер өз бағасын берді.