“Жарқын жастық – баянды болашақ” студенттермен кездесу кеші

“Жарқын жастық – баянды болашақ” студенттермен кездесу кеші

Зерттеу мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын күндерін тыңдай отырып, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру. 

Зерттеу уақыты: 12.01.2023ж

Зерттеген: Қосымша білім беру педагогы

12 қаңтар күні 11-сынып оқушылары мен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен, жұмыс жоспарына сәйкес студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, кәсіби бағдар беру мақсатында “Жарқын жастық – баянды болашақ” атты мектебіміздің түлектері,  қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттермен кездесу кеші өтті.

Кездесу кеші барысында мектеп басшысы Айғаным Қорабайқызы  оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өміріндегі алатын орны, маңызы туралы айта отырып, жастарға болашақтары жарқын болуына тілек білдірді. Болашақ әр мамандық иелері жас түлектерге мамандық таңдауда қателеспей, жетістікке жету жолында білімдерін кеңейтуге кеңес берді. Өздері оқып жатқан оқу орындары туралы мағлұмат берді. Оқушылар студенттерге түрлі сауалдар қоя отырып, қызықты ойындар ойнатылды. Түркия Республикасы, Эскишехир қаласы, Анадолу уневарситетінің 1-курс студенті, мектебіміздің түлегі Инабат Еркінқызының мектеп басшысы мен ұстаздарына және мектеп бітіруші жас түлектерге арналған ыстық лебізі бейне көрсетілім арқылы жолдады.