“Әскерге бару-азаматтық парызым”

“Әскерге бару-азаматтық парызым”

Зерттеу мақсаты: Кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты тандауға көмектесу

Зерттеу уақыты: 16.02.2023 жыл

Зерттеген: Кәсіби бағдар беру жетекшісі 16 акпан “№3 ЖОББМ” КММ-де “Әскерге бару-азаматтық парызым” 8-10 сынып ер балаларына АӘжТД пәнін мұғалімі Д.Өтегенов кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесу кешіне Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник Абай Мұханбетжанұлы, ҚРҰҚК Шекара қызметі Шалкар шекара бөлім басшысының орынбасары майор Рахат Төлешұлы, шалкар ауданы білім бөлімініғ АӘжТД пәнінің әдіскері Ерсұлтан Өнербайұлы, ауған соғысының ардагері Панабек Айдарханұлы, ұлағатты ұстаз Сәрсен Ордаұлы, ҚР қарулы күштерінің ардагері Амандық Тілеужанұлы қатысты. ҚРҰҚК Шекара қызметі Шалкар шекара бөлім басшысының орынбасары майор Рахат Төлешұлы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара акатемиясына оқуға түсуге үміткерлерге, кәсіби іріктеуге қандай құжаттар қабылданатындығы туралы мәлімет берді. Кездесу кешінде оқушылар шекарадағы әскери өмір туралы ауқымды мәліметтер алды. 9-шы сынып оқушылары автоматпен орындау жаттығуларын көрсетті. Сонымен қатар мектебіміздің ұлагатты ұстазы Тәшкенбаев Сәбит Жұмасағиұлы атында жабдықталған  АӘжТД кабинеті қонактарға таныстырылды.