2-педагогикалық кеңес

8-қарашада педагогикалық кеңес болып етті. Кеңес ұжымның ортақ мақсаттарына жету үшін бірігіп жұмыс жасай отырып, әрбір жеке тұлғаның көзқарасы мен мінез-құлқын реттей отырып, жұмыста практикалық сабақтарға бағыттау бағытында өткізілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша командалар көшбасшылықты, жанжалдарды басқаруды, проблеманы шешуді, сыни ойлауды, аналитикалық сараптама жасауды, келіссөздер жүргізу дағдыларын және т.б. жұмыстарға тоқталып, талдау жасады.

Абай: “Адамды заман билемек, заманға жаман күйлемек”- дейді. Бұл әлемдік даму жолын түсінуге мүмкіндік береді. Біз үшін жасанды, виртуалды, әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өзіміздің ұлттық болмысымызды, ұлттық бірегейлігімізді және рухани ерекшелігімізді сақтап қалу жолындағы эксперимент жұмысы да алдағы уақытта өз нәтижесін берері сөзсіз. Әлемдік озық технологияларды игере отырып, оны ұлттық құндылықтарымызбен байыта береміз. Ұлтты сүю – ұлтшылдық емес екендігін де кеңесте арқау етіп алдық. Мұғалімдер талқылауға белсенді қатысты, әр топ талқыланатын мәселенің маңыздылығы мен мәнін ашып, өз постерін жасады. Достық, жайбарақат жағдайда маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар бір-бірімен араласқан бірлескен орта мұғалімдерге ынтымақтастық атмосферасына енуге көмектесті.