“Адал ұрпақ” клубының отырысы

2023 жылдың13 қарашасында “№3 ЖОББМ” КММ-де біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Адал ұрпақ” клубының отырысы өтті.Жұмыс жоспарына сәйкес қазіргі таңдағы мәселелердің бірі- қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселе қаралды. Келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні жайында сөз қозғалды. «Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ».- отырыстың негізгі тақырыбы болды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, теріс әсері туралы тереңірек түсіндіру,жемқорлықтың тамырына балта шабу мақсатында өткізілген отырыс мазмұнды өтті. “Адал ұрпақ” клубының жетекшісі У. Сайлаубайқызы және мектеп психологі Р. Қорбармақова, қатысқан оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сыбайлас жемқорлықтын алдын алу үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз керек екендігін айтты.

https://youtu.be/420PGuk0xfI