“Мен өмірді жырлау үшін келгенмін” тақырыбында жыр мүшәйрасы

“№ 3ЖОББМ” КММ-де 2023 жылдың 14 қарашасында “Ұлттық мектеп” жобасы аясында ақындық өнерге жақын оқушыларды қолдау, шеберлігін ұштау, поэзия әлеміндегі өзіндік ізденістерін,шығармашылығын насихаттау мақсатында “Мен өмірді жырлау үшін келгенмін” тақырыбында жыр мүшәйрасы өтті. Мүшәйрада ақын жанды халықтың өнерлі ұл-қыздары кәусар бұлақтай құйылып жатқан жауқазын жырларын көрермендер назарына ұсынды. Жыр кешіне қатысқан мектеп басшысы Айғаным Қорабайқызы оқушылардың өнеріне ризашылығын білдіріп, шығармашылықтарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ өзінің де ақындық өнерді жоғары бағалайтынын, бала кезден бері бос уақытта өлең жазатынын айта келе, қонақкәде ретінде өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзира Қыдыралықызы өз өлеңдерінен және А.Құнанбаевтың “Өлең- сөздің патшасы”, М. Мақатаевтың “Қара өлең” өлеңдерінен үзінділер келтіре отырып, оқушыларды ақындық өнердің тереңіне бойлап, үлкен ізденіспен, тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін өлеңдер жазуға шақырды. Және бүгінгі жаңа есімдердің ертеңгі жарық жұлдыздар шоғырын құрайтынын, алдағы уақытта осындай ақындық талантты ұштайтын жыр кештерінің өткізілетінін айтты.