“Адал ұрпақ- мәңгілік ел болашағы” тақырыбында салтанатты жиын

2023 жылдың 18 қазанында рухани адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбие беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасын қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында “№3 ЖОББМ” КММ -де “Адал ұрпақ- мәңгілік ел болашағы” тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға қатысқан мектеп директоры А. Қ. Ізтлеуова, ұстаздар мен ата-аналар рухани адамгершілік пен азаматтық-патриоттық тәрбие, саяси құқықтық білім беру,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп негіздерін қалыптастыру туралы ақпараттар берді. Шара барысында оқушылар Ант қабылдап, оларға “Адал ұрпақ” еріктілер клубының төсбелгісі тағылды.
Ұйымдастырушы -педагог: Ү.Шукамбаева