“Адам еңбегімен елге сыйлы” атты еңбек күні

Мемлекет  басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру  туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру , жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен  жұмысшы  әулиеттерінің  көп жылдық дәстүрлерін нығайту  мақсатында  тойланғалы отырған  мерекенің маңызы зор. Осы орайда  “# 3 ЖОББМ” КММ-де 27 қыркүйек күні ” Адам еңбегімен елге сыйлы” атты еңбек күні аталып өтті. Бұл мерекелік кеште мектебіміздің қызметкерлерінің еңбегін бағалау мақсатында кеш ұйымдастырылды. Кеште оқушылар қарапайым еңбек адамдарының еңбегін бағалап, ақындардың өлеңін оқып, әсем ән жолдады. Көп жылдар бойы нәтижелі еңбек еткен мектеп қызметкерлерін  мектеп басшысы  Ізтілеуова Айғаным Қорабайқызы марапаттады. Барлық еңбеккерлерді мерекемен құттықтап,  сый -сияпат табыс етті.