Құттықтау
№ 3 ЖОББ»КММ-де 25 қазан-Республика күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. Еңселі егемендігіміздің, тұғырлы тәуелсіздігіміздің , айбарлы азаттығымыздың айғағы болған ұлттық мерекенің мәні зор.
Осыдан тура 33 жыл бұрын 25 қазан күні жоғарғы кеңестің №307 қаулысымен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, тәуелсіз ел болуға нық қадам жасалды. Бүгінде Қазақстан әлем таныған ел болды.
Осындай ұлы мерекеге арналған жиында мектеп директоры А. Қ. Ізтілеуова барша ұжымды мерекемен құттықтап, еліміздің білім саласының дамуына үлес қосып , нәтижелі жұмыс жасаған ұстаздар мен қызметкерлерге Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті. Жиын оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

