Қыздар жиналысы

Ағымдағы жылдың 21 қараша күні қыздар жиналысы өтті. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ниязбаева ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Мектеп педагог- психологы З.Байтанатова мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты.Қыз балаларға қыз баланың жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы мен денсаулыққа пайдасын жалпылай түсіндіріп өтті. Сонымен қатар қыздардың достарымен және құрбыларымен күнделікті қарым-қатынас жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды.
Екінші мәселе бойынша мектеп медбике Р.Құрмашова сөз алды. Қыздарға жыныстық қолсұғалмаушылықтың алдын алу мақсатында жалпы ақпарат беріп , қыздардың бөгде адаммен тілдесуге, таныс емес жерге бармауға, кешке немесе түнде көшеге шықпауды қатаң ескертті.”Инабат” қыздар клубының жетекшісі Г.Шектібаева кешкі уақытта ата-анасыз жүрмеу, қоғамдық жерде,ортада қыз балаға сай әдепті сақтау керектігін айтып өтті. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
Ұйымдастырған.Г.Шектібаева.