Тамақтану сапасын бақылау

2023 жылы 21 қараша күні МДТІЖО А.Ниязбаева және ата-ана комитетінің мүшесі Р.Сагидуллина , мектеп медбикесі Р.Құрмашева, әлеуметтік педагог А.Аманжолова асхананың жалпы санитарлық тазалығын, тағамдардың дайындалуын, өнімдердің сақталуы және жарамдылығын, ас мәзіріне сай тағамдардың берілуін күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде қаралып, ыдыстардың жарамдылығы тексерілді. Оқушылардың күнделікті тамақтануы, кезекшілердің кесте бойынша жұмыстары жүйелі атқарылуы бақыланды. Тамақтану сапасын бақылау  тобы тексеру барысында оқушылардың сапалы, құнарлы тамақтанып жатқандығына көз жеткізіп, асхана жұмысына оң бағасын берді.