Тамақтану сапасын бақылау

МДТІЖО А.Ниязбаева және ата-ана комитетінің мүшесі Тілеп Ақтоты, мектеп медбикесі Р.Құрмашева, әлеуметтік педагог А.Аманжолова асхананың жалпы санитарлық тазалығын, тағамдардың дайындалуын, өнімдердің сақталуы және жарамдылығын, ас мәзіріне сай тағамдардың берілуін күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде қаралып, ыдыстардың жарамдылығы тексерілді. Оқушылардың күнделікті тамақтануы, кезекшілердің кесте бойынша жұмыстары жүйелі атқарылуы бақыланды. Тамақтану сапасын бақылау бойынша бракераж комиссия тобы тексеру барысында оқушылардың сапалы, құнарлы тамақтанып жатқандығына көз жеткізіп, асхана жұмысына оң бағасын берді.