Ардагер ұстаздармен алғаш сұхбат

Ақпарат алудың ең негізгі тәсілі болып табылатын телесұхбат жанрының өзіне тән белгілері мен заңдылықтарын сақтаудың басты принципі нақты сұраққа нақты жауап болып табылады. Күнделікті өмірде болып жатқан қоғамдық маңызы бар оқиғалар телерепортаж жанрының үлесінде. Осындай жанрлардың ішіндегі ең күрделісі телесұхбат деп айтуымызға болады. Себебі, сұхбаттасушы адам әр саладан, әр мамандық иесі, тіпті лауазымы жоғары тұлға болуы да мүмкін. 17 қараша күні “№3 ЖОББМ” КММ-де заманауи жабдықталған ТЕЛЕСТУДИЯ кабинетінде ардагер ұстаздармен алғаш сұхбат жүргізілді. Сыр сұхбат жүргізуші Гүлназ Тлегенқызы ардагер ұстаздар Сара Қонақбайқызы және Роза Қуанышқызымен сұхбаттасу барысында түрлі сауалдар қоя отырып, ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас бола білген ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше екенін атап өтті. Ал сұхбаттасу кезінде қандай сәтте эфирге қалай шығаруды, сюжетке лайықты музыка, дыбыс жағын реттеуші мектебіміздің мобилографы Әсемгүл Маратқызының өңдеуімен шығармашылық топтың идеялары ортақ мүддеге тоғысып, бір жерден шыққан өнім толыққанды түрде көрерменге жол тартты.