“Әлемнің әсем билері” атты мектепішілік кастинг

√3 ЖОББМ” КММ-де 16қараша күні би өнерін насихаттау, өнерлі, талантты , биші оқушыларды анықтау мақсатында “Әлемнің әсем билері” атты мектепішілік кастинг өткізілді. Кастингке 5-8 сынып оқушылары қатысып, жеке , топтық түрде қазақ халқының,түрлі ұлттардың және заманауи жастардың билерін көпшілік назарына ұсынды. Мың бұралған биші қыздарымыз қазақтың ұлттық билері- “Қамажай” , “Бипыл-бипыл” билерін керемет биледі. Үнді биін билеген биші қыздардың, заманауи флэшмоб орындаған оқушылардың да өнері көпке ұнады.Мектеп директоры Айғаным Қорабайқызы өз өнерлерін көрсеткен барлық оқушыларға алғысын білдіріп, өнерлерінің өрістей беруіне тілектестігін білдірді. Кастингіден өткен оқушылар анықталып, би үйірмесінің құрамы толықтырылды.