«Мамандықтың түрі бар,таңдап,талғап бірін ал» тақырыбында кездесу кеші

2023 жылдың 23 қараша күні «N3 ЖОББМ» КММ-де «Мектеп Парламенті», «Жас ғалым», « Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына мамандықтармен таныстыру,оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу,мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында « Мамандықтың түрі бар,таңдап,талғап бірін ал» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіміздің қонақтары, мектебіміздің түлегі, халыққа танымал “Qazaqstan” Ұлттық телеарна тележүргізушісі – журналист Қонысбек Терекұлы, “Елдос” сауда үйінің және жергілікті ауданымыздың блогері, яғни жарнамалаушы Гүлбану Әлібекқызы, мектебіміздің түлегі Шалқар ауданына танымал фотограф Нұрбол Елеу әр саланың мамандары арнайы шақырылып, кештің жақсы өтуіне атсалысты. Статистика бойынша бейне баян көрсету арқылы кеш қонақтары, өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт екенін айта отырып, оқушыларға мамандық таңдаудан қателеспеуге кеңес берді. Бүгінгі бағдарламадан алған әсерлерін, өздері қызмет етіп жатқан саласы бойынша оқушылар алдында жарнамалап, оқушылар қойған сауалдарға жан-жақты, жүйелі түрде жеткізді. Кішкентайынан әнге әуес, аудандық “Әнші балапан” байқауының жүлдегері, мектебіміздің түлегі Қонысбек Терекұлынан қонақ кәде сұралды. Бала күнін еске түсіріп, үлкен сахнаға жол тарттырған мектебіміздің кішкентай ғана сахнасының төрінде “Ауылым” әнін орындап, барша көрерменге әдемі көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында мектеп директоры Айғаным Қорабайқызы кездесу кешіне келіп, маңызды ой-пікірлерімен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдірді.
Өткізген: Г.Т.Қожанова. Ә.С.Бердалина.