“Қолөнер — төл өнер” мастер-класс

27 қараша күні “Дарынды оқушы -ұлт болашағы” атты дарынды оқушыларға арналған апталықтың жоспарына сәйкес “Қолөнер — төл өнер” мастер-класс 5-7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Шикізаттан табан астында тұшымды дүние шығару тек қолөнершіге тән қасиет. Өсіп келе жатқан бүгінгі буын оқушылар арасында қолөнерге қызығушылар көптеп кездеседі. Оқушыларды ұқыптылық пен тиянақтылыққа тәрбиелей отырып, түрлі бұйымдар жасалды. Үлкен зейіннен туған өнімдер қай жерде болмасын тұтынушы үшін таптырмас дүние екені айтылды.
Ұйымдастырған: Ж.Рысмағанбетова, Г.Қожанова