“Дарынды оқушы – ұлт болашағы”

27 қараша күні “Дарынды оқушы – ұлт болашағы” атты дарынды оқушыларға арналған апталықтың ашылуы апталық жиынмен бірге өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында ДАРЫНДЫЛАР апталығының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі мақсатымыз – дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту. 4б сыныбының дарынды оқушысы Бекмырза Темірлан “Қазақстан бақыты” әсем әнін әуелете орындап, МДОІЖ орынбасары Ләззат Ерсайынқызы оқушыларға белсене атсалысуға шақырып, аптаның әр күнінде болатын түрлі интеллектуалды ойын мен жобалар, мастер класс, дебат ойыны, спорттық жарыстар болатыны хабарлады. Жиында облыстық, аудандық жарыстардан орын алған оқушылар марапатталды.
Ұйымдастырған: Г.Қожанова