«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын нығайту,берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.Мектеп ата-ана арасында тығыз қарым-қатынастың болуы балалардың тәрбиелі,білімді,рухани құндылықтарды бойына сіңірген жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына қамтамасыз етеді.Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ашылу салтанатына ата-аналар, «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Аманғазы Жарасұлы,ұстаздар қатысып,оқушылардың өнерлерін тамашалады.Мектеп директоры Айғаным Қорабайқызы, ата-аналар Айтуған Жеткергенұлы,Мәлік Жалғасұлы, «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Аманғазы Жарасұлы құттықтау сөз сөйлеп,ақ тілектерін білдірді.Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының лентасын Айтуған Жеткергенұлы қиып,ұстазымыз С.Байтлеева шашу шашты.МДТІЖ орынбасары А.Х.Ниязбаева орталықтың мақсатын,міндетін, жоспарын баяндап,таныстырды. Ата-аналар қолдау орталығының ақ дастарханынан ата-аналар дәм татып,ақ тілектерін айтып,мектеп ұжымына қолдау білдірді.Осы орайда мектебімізде ашылған Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының мектеп пен ата-аналар арасында алтын көпір болары анық.