“Мектеп қабырғасындағы бизнес” тақырыбында жоба

1 желтоқсан күні “Дарынды оқушы -ұлт болашағы” атты дарынды оқушыларға арналған апталықтың жоспарына сәйкес 6-8 сынып оқушылары арасында “Мектеп қабырғасындағы бизнес” тақырыбында жоба қорғалды. Оқушыларды мектеп қабырғасынан үлкен өмірге даярлап бәсекеге қабілетті, кәсіпкерлікке бейім жастар қатарын көбейту. Сонымен қатар болашаққа мақсат қоя білуге, жоспарлы жүргізуге, елімізді дамытуға үлес қосуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Еңсесі биік егемен еліміздің жарқын болашағы оқушыларымыз өз жобаларына ұлтымыздың ою-өрнегімен безендірілген түрлі бұйымдарын, Отандық тауар ретінде көрсетті. Жас кәсіпкерлерге жүктелетін жауапкершілік жүгі де жеңіл емес екендігі, қазіргі заман олардан жаңашылдық пен айрықша ақыл-ойды талап етілететіндігі айтылды. Жобаға қатысушылар:
6а сынып оқушысы Мақсат Айша – І орын, жетекшісі: еңбек нұсқаушысы А.С.Жандосова
8а сынып оқушылары Ынтаева Көркем, Аманжолқызы Мерейлім – ІІ орын, жетекшісі: еңбек нұсқаушысы Ж.Қ.Наурызалина
8б сынып оқушысы Хасенова Аяулым – ІІ орын, жетекшісі: А.К.Муханова
7б сынып оқушысы Жандос Досжан – ІІІ орын, жетекшісі: А.Т.Биханова 6б сынып оқушысы – Саханова Меруерт – ІІІ орын,

жетекшісі: Ә.У.Елібаева марапатталды.

Ұйымдастырған: Г.Т.Қожанова