“Қазіргі жастардың өмірі алдыңғы буын өміріне қарағанда артық” тақырыбында дебат ойыны

0 қараша күні “Дарынды оқушы -ұлт болашағы” атты дарынды оқушыларға арналған апталықтың жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушылары арасында “Қазіргі жастардың өмірі алдыңғы буын өміріне қарағанда артық” тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Оқушылардың әлеуметтік дамуына, қоғам өміріне белсене араласуына, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікір айта білуге, ақпаратты талдай білу қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Нәтижесінде:
“Парасат” тобы – І орын
“Ақыл” тобы – ІІ орынмен марапатталып, 9а сынып оқушысы Игілікова Аянат Ең үздік спикер атанды.