“Ұлттық мектеп” жоба аясында 9″А” сынып оқушыларымен “Ұлттық құндылықтар” тақырыбында таным сағаты

2023 жылдың 30 қараша күні “Ұлттық мектеп” жоба аясында 9″А” сынып оқушыларымен “Ұлттық құндылықтар” тақырыбында таным сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.Таным сағатында өзінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарымен  таныстыра отырып, халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнері туралы оқушылар өздерінің құнды пікірлерін айтты. Оқушылар ой бөлісіп,сұрақтар қойып,ұлттық ойындар ойнатылып, «Кока – Кола  мен Қымыз» сусынының пайдасы мен зиянын ажырату мақсатында көрініс қойды.

Өткізген: Кітапханашы Г.Жасарова,тәлімгер Ә.Бердалина.