«Зорлық  —  зомбылықтың алдын алу жұмысының ұйымдастыру жолдары»

«N3 ЖОББМ» КММ-де   28 қараша күні мектеп қызметкерлеріне өзге адамның эмоциялы жағдайын анықтай алуға, өз  эмоциясын басқара алуға үйрету,  өмірдегі өзгерген жағдайға тұлғаның бейімделуіне көмектесу мақсатында «Зорлық  —  зомбылықтың алдын алу жұмысының ұйымдастыру жолдары» тақырыбында педагог-психолог З.Байтанатова психологиялық тренинг өткізді. Аудандық полиция инспекторы полиция капитаны  Жұмабаева Ақмарал Тлеулесқызы тұрмыстық зорлық  — зомбылықтың алдын алу  туралы заңның негізгі ережелерін және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, жақсарту және жетілдіру жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бейнебаян көрсетіліп,  қатысушылардың ойлары ортаға салынып, талқыланды. Мектеп директоры Ізтлеуова Айғаным Қорабайқызы  ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасы рөлін күшейту, отбасы салтының  құндылықтарын дәріптеу және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, жастарға үлгі-өнеге көрсету, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында тәрбиелік мәні бар ақпарат берді.  Аудан әкімі жанындағы  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның  хатшысы Шектібаева Венера Қанатқызы отбасында кездесіп тұратын, әйелдер мен балалар мәселесін реттейтін заңдылықтардың бұзылуына жол бермеуге,  тұрмыс-тіршілігіне байланысты түсіндірме жұмысын айтып өтті. Аудандық аналар кеңесінің мүшесі Үмбеталы Жұлдыз Әбдірашқызы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелерді болдырмауға, адамдардың тәртіп сақтауына ерекше назар аудару керектігін ескертті.Жиналыс барысында әйел құқығы заңмен толық  қорғалғандығы және  әр әйел заты ең жақсыға лайықты екені баяндалды.