“1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі және психологиялық ахуалы” тақырыбында педагогикалық консилиум

“№3 ЖОББМ” КММ- де  “1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі және психологиялық ахуалы” тақырыбында педагогикалық консилиум өткізілді.

Мақсаты: оқушының мектеп өміріне бейімделуін, олардың оқуға деген ынтасын және оқу жүйесін әрі қарай алып кету дайындығын тексеру. Педагогикалық консилиумға  директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, директордың бастауыш сыныптар оқыту жөніндегі орынбасары,психолог, 1″а” сыныбының сынып жетекшісі, 1″б” сыныбының сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері қатысып, оқушылардың бойындағы әрекеттерін және бейімділіктерін анықтап, оларды дамыту жолдарын талқылады.

Мектеп психологы: Р.Ө.Қосбармақова