«Эксперимент алаңының ғылыми-теориялық негіздері мен тәжірибелік бағыттарын таныстыру » тақырыбында мектепішілік семинар

Ұлттық құндылықтар оқу-тәрбие үдерісінде ⚜

????15 желтоқсан күні “№3ЖОББМ”КММ-де аудандық “Ұлттық құндылықтар оқу-тәрбие үдерісінде “ атты эксперименттік алаңның жоспарына сәйкес «Эксперимент алаңының ғылыми-теориялық негіздері мен тәжірибелік бағыттарын таныстыру » тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
????⚜️Семинардың мақсаты:
✅Ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісінде дәріптеу. Ашылу салтанатында мектеп директоры А.Қ.Ізтлеуова ұлттық құндылықтардың мазмұнына тоқталса, аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанайдар Сәндібекұлы семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
⚜Семинар әсем көздің жауын алатын көрмемен бастау алды. Семинардың барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.Жақанова “Салт-дәстүр-асыл қазынам” ,Г.Төлегенова жас мамандармен “Қызық екен…” ,Г.Жайылғанова,А.Құламанова «Ұлттық құндылықтар-ұлттық мұрамыз» тақырыптарында коучинг өткізсе, математика пәнінің мұғалімдері М.Оразбаев,А.Жаңаберген «Қазақы нақыштағы кескіндерді координаталар жүйесінің көмегімен осьтік симметрия арқылы салу »,көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ғ.Бакитжанов “Өру түрлері” шебер сыныптарын өткізді.Қазақтың ұмыт болып бара жатырған “Ләңгі тебу” мен “ Бес тас” ұлттық ойындарын дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері бірлестіктер арасында сайыс түрінде ұйымдастырды. Әбу Насыр әл-Фараби атындағы мектеп кітапханасының кітапханашысы Г.Жасарова мен қосымша білім беру педагогы Г.Қожанова “Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ” тақырыбында сайыс,ұйымдастырушы педагог Ү.Шукамбаева ,аға тәлімгер Ә.Бердалина «Ұлттық тәрбие-құндылық бастауы» атты көрініс көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімдері “Табақ тарту дәстүрін “ көрсетсе,химия пәнінің мұғалімі Г.Досниязова ,физика пәнінің мұғалімі А.Муханова ұлттық сусындардағы химиялық және физикалық құбылыстарға тоқталды.
♻️Барлық іс-шараларға қатысушылардың жүрегі мен ойына әсер еткен семинар нәтижелі аяқталды. Қатысушылар рухани бір байып қалды. Саналы, рухты ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздар қауымын ерекше әсерлендірді.