Бала тәрбиесінде қазақ халқының бір озық үлгісі-әже мектебі еді.

Бала тәрбиесінде қазақ халқының бір озық үлгісі-әже мектебі еді.Қазір ол жойылудың аз -ақ алдында тұр.Тіпті “әже”деген жаныңа жақын аяулы атаудың өзін “апаға”ауысқан.Бірақ,әже тәрбиесін көрген бала ерекше көзге түсіп тұрады.Әженің мейірімге толған құшағында,жылы сөздерімен еркелеп өскен бала да бауырмал,мейрімді болады.Сол орайда биылғы оқу жылында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жанынан құрылған “Даналық мектебі” құрылып, ұмыт болып бара жатырған ұлттық құндылықтарымызды,салт-дәстүрімізді, үлкендерге деген сый құрметімізді қайта жандандыруға, өзімізді табуға мүмкіндік беріп отыр.Даналық мектебінің мақсаты да өскелең ұрпаққа үлкендерді құрметтеуге, тәлім тәрбие көзі үйде отырған қарттарымыз екенін ұғындыруға бағытталған. Әжелер мектебінің жоспарына сай “Әженің сөзі-тәрбиенің көзі” тақырыбында асыл қазыналарымызбен “Инабат”қыздар ұйымының кездесуі өтті.Қонаққа келген әжелеріміз қазақ қыздарының бойындағы ұмыт болып бара жатырған қасиеттерін немерелеріне айта отырып, баталарын берді.Кеш модераторы – Г.Шектібаеваның шеберлігінің арқасында қатысушылар ерекше әсерде болғандарын айтып, алдағы уақытта да осындай тағылымы жоғары дүниелер жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді.
Қуыс үйден құр шықпа дегендей, сынып жетекшілердің әжелерге көрсеткен сый сияпаттары әжелерімізді бір қуантты.Кеш қонақтары Шалқар ауданының аналар кеңесінің мүшелері Сүлейменова Амангүл мен Абдыкова Роза апайларымыздың жылы лебіздерімен жалғасын тапты.Келген қонақтарымыздан қонақ кәде сұралып, сыйлы қонағымыздың бірі аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы Шолпан Мұханованың әсерлі ән шашуымен әрленді.Кеш соңында мектеп директоры Айғаным Қорабайқызы келген әжелерімізге өз алғысын білдірді🌹🌹🌹
Ұйымдастырушы:”Инабат” қыздар ұйымының жетекшісі Г.Шектібаева,тәрбие орталығы.