2023-2024 оқу жылы


15.12.2023ж    

16желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «№3 ЖОББМ» КММ-нің бастауыш сыныптары арасында «Тәуелсіздік-бақытым, бар байлығым» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа 17оқушы қатысып, тақырып аясында танымал ақындардың өлеңдерін жатқа орындады. Нәтижесінде төмендегі  оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

Бас жүлде- Бержан Нұрсәт, 2″Б» сыныбы

І орын- Ескендір Нұрасыл, 1″А» сыныбы

ІІ орын- Бекболат Алданыш, 4″А» сыныбы; Тасполат Нұрали,3″А» сыныбы

ІІІ орын- Әлім Аида, 2″А» сыныбы; Асхатұлы Мухаммад, 4″Б» сыныбы; Бақытжан Іңкәр, мектепалды «А» сыныбы.

Қатысқан оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

МДБСЖО: Г.А.Сарина


«N3 ЖОББМ» КММ-нің тәрбие жоспарына сәйкес «Даналық мектебі» жобасы аясында бастауыш сыныптардың ата-аналарымен «Әкеден-ақыл, анадан-мейір» атты отбасылық сайыс өткізілді. Рухани құндылықтар мен ынтымағы жарасқан отбасыларды насихаттауға бағытталған шараға 4 отбасы қатысты.  Сайысқа мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы М.Ж.Тілеп, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Ниязбаева, тәлімгер Ә.С.Бердалина қазылық етті. Нәтижесінде, мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің қайнар көзін көрсеткен Жақсылықовтар отбасы » Мерейлі отбасы» номинациясымен; ой ұшқырлығымен және зиялылығымен ерекшеленген Мамбетрзаевтар отбасы » Білімді де білікті отбасы» номинациясымен; отбасылық құндылықтардың қайнар көзін көрсете білген Әбдіғалиевтер отбасы «Өнегелі отбасы» номинациясымен, береке-бірліктің қайнар көзін көрсете білген Мұхамбеталиевтер отбасы » Ынтымағы жарасқан отбасы» номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары: Г.А.Сарина


9- ақпан  қазақтың ұлы ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты 3″А» сынып оқушыларының қатысуымен әдеби кеші өтті.

Мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту.

Сынып жетекшісі: Ж.Қ.Ашықбаева