Шағын жинақты мектептерде  сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету

                                    Тағы бір маңызды міндет-қала мен ауыл мектептеріндегі білім                    

                                     сапасының теңсіздігін жою. Ауыл балаларының білім алу  

                                     мүмкіндігі  шектеулі екені баршаға мәлім.Бұған қажетті құрал-    

                                     жабдықтың  және білікті педагогтерінің тапшылығы  себеп 

                                     болып отыр. Ауылдағы білім ошақтарының тең жартысы- 

                                     шағын мектептер. Онда барлық пәннің мұғалімі бола бермейді. 

                                     Мұның бәрі-жылдар бойы қордаланған түйткілдер. Ауыл 

                                     мектептерін зияткерлік ,сондай-ақ қоғамдық орталық ретінде 

                                     дамыту маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қалалық және ауылдық мектептердің арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту, ауыл мектептеріне тірек мектептерінің қамқорлығы арқылы білім алушылардың білім жетістіктерін көтеру, сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, қалалық және ауылдық педагогтер мен білім алушылардың арасындағы ынтымақтастықты дамыту және оқу мотивациясын арттыруға бағыттау арқылы алға мақсат қойылды. «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жаңа мүмкіндіктер мен жаңарулар әкелді. Барлық пән кабинеттері заманауи жиһаздармен жабдықталып, кітапхана, STEM-зертхана, ART студия, телестудия, робототехника, шеберхана және пән кабинеттері жаңартылды. Заманауи жабдықтар оқушылардың сабақтан қалмауына, білім алуға деген құлшыныстарын арттыруға көмегін тигізуде. Қазір №3 ЖОББМ – не 3 магниттік мектеп бекітілген. Олар Жаңақоныс ЖОББМ, Т.Шанов атындағы ЖОББМ, Сарықамыс НОМ. Сапалы біліммен қамтамасыз ету  үшін тірек мектебі мен магниттік мектептерде  өзара  сабақ  беру  моделі  бойынша  жауапты  мұғалімдер  құрамы  бекітілді. Мектепте 9 мұғалім бес пән бойынша математика, физика, биология, химия, ағылшын тілінен виртуалды сабақ өткізеді және онлайн сабақ барысында пилоттық жобадағы мектептер BilimLand, DarynOnline, Roqed платформаларын сабақтарында тегін  қолданады. Жобаға біздің білім ордасының барлық көшбасшы мұғалімдері мен біліктілік санатты педагог – шебер, педагог – зерттеуші, мектеп үйлестірушілері, сертификатталған мұғалімдер жан – жақты тартылды. Тірек мектептің жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Магниттік мектептерді тірек мектептері бақылау нысанына алып, тәжірибе алмасу жұмыстарын онлайн,офлайн форматында ұйымдастырылып келеді. Пилоттық жобаға қатысатын педагогтардың сабақтарын жоғарғы деңгейде өткізуіне қажетті жағдай жасалып, қолдау көрсетіліп отыр. Тірек мектебі-ауыл мен қала мектебі арасындағы білім сапасының алшақтығын жоюдың алғашқы қадамы, оқушылардың болашағына салынған ізгі жолдың көрінісі. Мектепте қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан көрсетуі, бағыт беруі, кәсіби біліктілігін шыңдауына, білім сапасын көтеруіне өз ықпалын тигізуде. Мұғалімнің кәсіби дайындығы, білім мен біліктері оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады.

Тірек мектебінің мұғалімдері магниттік мектеп мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында, әрі әдістемелік көмек ретінде №3 ЖОББМ базасында 28 қыркүйек күні мұғалімдердің кәсіби біліктілігін шыңдау, жаңа көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Мүдде бір,мақсат ортақ» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға магнитті мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты. Семинардың алғы сөзін тірек мектебінің директоры А.Ізтлеуова «Білім беру үдерісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баяндамамен ашты. Көшбасшы мұғалім, бастауыш сынып мұғалімі Ж.Ашықбаева «Бастауыш  сынып оқушыларын функционалдық сауаттылығын қалыптастыру», география пәні мұғалімі К.Боранбаева «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында ой өрбітті.Сынып жетекші Д.Нөкешова және мектеп тәлімгері Ә.Бердалина «Мектепте «Шаңырақ» оқушылар мен ата-аналар қауымдастығын құру жолдары» атты коучинг өткізді.

19 казанда Жаңақоныс ЖОББМ  базасына барып, тірек мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жаңашыл білім беру жүйесінің ұрпаққа қажеттілігі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында З.Елдизерова «Креативтілікті «Мен тұжырымы»арқылы дамытуға бола ма?» атты коучинг өткізді. Коучингте креативтілікті дамыту жолдары зерттеліп, топта мұғалімдермен жұмыстар жасалды. Мұғалімдердің ұсыныстары, сыни-пікірлері тыңдалып, кері байланыс жасалды.Виртуалды сабақ беретін физика пәнінің мұғалімі А.Муханова 8 сыныптарға «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» тақырыбында  зертханалық жұмыс жасады. Көшбасшы мұғалім  Л.Жандосова  «Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.Азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар болуын  зерттеу» тақырыбында  зертханалық жұмыс  жасады. Виртуалды сабақ беретін химия пәні мұғалімі Г.Досниязова “Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция” тақырыбында  зертханалық тәжірибе жасады. Семинарда өткізілген сабақтар мен зертханалық жұмыстар білім сапасын арттыруға және заманауи оқыту әдістерін дамытуға бағытталған маңызды қадам.

9 қарашада Сарықамыс негізгі орта мектеп базасында «Тірек мектеп-сапалы білім мен оқушы әлеуетін арттыру жолы»  тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында математика пәні мұғалімі М.Оразбаев  STEM кабинетінің зертханалық жұмыстарын көрсетіп, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Көшбасшы мұғалім Ғ.Сарина «Дарынды және талантты балаларды оқыту» тақырыбында коучинг өткізді. Дарынды оқушыларды анықтау туралы мұғалімдермен жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар семинар жұмысы психологтың ұйымдастыруымен сәлемдесу, рефлексия  жұмыстарымен толықтырылды.

2023 жылдың 21 желтоқсанында магниттік мектеп Т.Шанов атындағы ЖОББМ базасына әдістемелік көмек көрсетіліп, «Сапалы білім – жақсы маманмен жарқын болашақ кепілі»атты семинар өткізілді. Семинар барысында көшбасшы мұғалім Л.Жандосова «Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері » тақырыбында сабақ өткізіп, цифлық технологияларды, интернет платформаларын тиімді пайдаланып көрсете білді. Ғ. Муханбетжанова “Volunteering ”  тақырыбында , бастауыш сынып мұғалімі М. Тажмагамбетова «Ц әріпі мен дыбысы» тақырыбында сыни ойлауға бағытталған , оқушылардың ой –өрісін дамытатын тапсырмалар беру арқылы сабақ өткізді. STEM кабинетінің жетекшісі,математика пәні мұғалімі М. Оразбаев «Фотоэлектрлік энергия жүйелері. Күн энергиясынан күн батареяларын қолдану арқылы электр энергиясын алу» тақырыбында оқушылармен практикалық жұмыстар жасап көрсетіп, оқушылардың өз бетімен жұмыстануына мүмкіндік берді. Робототехника кабинетінің жетекшісі информатика пәні мұғалімі Б. Берниязова  Лего жинағымен практикалық жұмыс ұйымдастырды.Оқушылар STEM, робототехника жұмыстарына аса қызығушылық танытып, бар ынталарымен жұмыс жасады.

 «Каникулдық мектеп» жобасы аясында білім бөлімі және  №3ЖОББ тірек мектебі 2024 жылғы бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес  2024 жылы  5 қаңтар  күні    «Цифрлық технологияларды  пайдалана  отырып,   шағын  жинақты  ауылдық  мектептердің  әлеуетін дамыту» пилоттық  жобасын  жүзеге  асыру мақсатында аудандық  семинар-практикум  №3ЖОББМ-де өткізілді.  Аудандық семинар-практикумда  бекітілген бағдарламаға сәйкес аудандық білім бөлімінің әдікері  Г. Аманова «Ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша  әдістемелік көмек  көрсету шаралары» тақырыбында аудандағы ШЖМ –дің цифрлық платформаларды қолдану бойынша  атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады. Сонымен қатар АКТ және цифрландыру бөлімінің әдіскері Б. Кулманов «Цифрлық  платформаларды қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында пилоттық жобадағы мектеперге қолдануға берілген  DarynOnline, Roqed платформаларының ерекшелігіне кеңінен тоқталды.  

Тірек мектебінен ағылшын тілі бойынша Гуманитарлық бағыттағы пәндерде платформаларды тиімді қолдану» №3ЖОББМ-нің мұғалімдері Г. Зейнуллақызы, Г. Мухамбетжанова өз жұмыстарын көрсетті. Физика-математика пәндері бойынша тірек мектебінің мұғалімдері «Roget» ,«Daryn onlinе» платформаларының тапсырмаларын қолданудағы  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Магниттік мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Бірлескен жұмыс қалай нәтижелі болады?» тақырыбы аясында мектеп координаторы З.Елдизерова қашықтан магнитті мектептермен кәсіби сұхбат алаңын өткізді. Кәсіби сұхбат алаңында магнитті мектеп мұғалімдерімен нәтижелі білімге қол жеткізу үшін оқыту үдерісін жаңаша құру жолдарын қарастырып, әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары жөнінде пікір алмасып, кері байланыс жасалынды.

Сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылардың іс-тәжірибелері  баспа беттеріне үздіксіз жарияланып келеді. Соның бір дәлелі, Республикалық “Көшбасшы мұғалім” журналы. Басылым беттерінде «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» атты пилоттық жобасы аясында “№3 ЖОББМ” КММ-нің және магниттік мектептердің  виртуалды сабақтар жинағы және тірек мектептері мен магнитті  мектептердің жүйелік қауымдастығы барысында өткізілген онлайн сабақтар жинағы  жарық көрді. Баспа беттеріне тірек мектептен 11 мұғалім, Т.Шанов мектебінен -5, Жаңақоныс ЖОББМ нен-2, Сарықамыс НОМ-2 мұғалім өз жұмыстарын жариялады.

Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудің ең тиімді құралы мен тетігі – қазіргі адамды трансформациялық және жасампаз қызметтің субъектісі ретінде дамытуға бағытталған білім беру болмақ. Жоба арқасында  шағын жинақты мектеп оқушылары сапалы білім алуға қол жеткізуге мүмкіндік алып отыр. 2023-2024 оқу жылының білім сапасының пайызы айтарлықтай өсті, мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болу мүмкіндігі артты, мұғалімдердің еңбек жағдайына қанағаттанушылық деңгейі мен өз біліміне деген сенімі мен дағдылары сапалы түрде артты. Нәтижесінде жабдықталған жаңа модификациядағы оқу кабинеттеріне  оқушылардың қызығушылықтары артып, білім сапасының өсуіне үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр.

МектептерПәні
МатематикаФизикаХимияБиологияАғылшын
І тоқсанІІ тоқсанІІІ тоқсанІ тоқсан  ІІ тоқсанІІІ тоқсанІ тоқсан  ІІ тоқсанІІІ тоқсанІ тоқсан  ІІ тоқсанІІІ тоқсанІ тоқсан  ІІ тоқсанІІІ тоқсан
Т.Шанов ат ЖОББМ57%74%56%58%68%68%63%64%66,7 %65%76%60%60%80%69,1%
Жаңақоныс ЖОББМ71%83%80%85%92%94%86%80%82%82%100%93%100%100%100%
Сарықамыс НОМ44%40%57%44%44%47%40%44%44%44%50%53%50%40%52%

Магниттік мектептердің жетістіктері

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ республикалық “SAPSAN” олимпиадасының аудандық кезеңінде физика пәнінен І орын иегері Қалдыбаев Б.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін орта мектеп 1-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған “Жүзден жүйрік-2023” Республикалық олимпиадасы физика пәнінен Таласбаева А І дәрежелі   Диплом.  (Т.Шанов атындағы ЖОББМ)   

“Абай” олимпиадасының аудандық кезеңінен физика пәнінен 7-сынып оқушысы Сейтжапар Айеркем ІІ орын,облыстық кезеңінен ІІ орын (Сарықамыс НОМ)

“Абай” пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне физика пәнінен Бисекеш Д, Баймырза Ә  І дәрежелі Диплом, Мұханбетқали С ІІ дәрежелі Диплом иеленді.

“Абай” пәндік олимпиадасының облыстық кезеңіне физика пәнінен Баймырза Ә І дәрежелі Диплом, Мұханбетқали С І дәрежелі Диплом иеленді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ республикалық “SAPSAN” олимпиадасының облыстық кезеңінде физика пәнінен Бекбергенов Б, Әуес А І орын иеленді.

Ауыл балаларын қолдау мақсатында 9 класс оқушылары арасында аудандық ” Аламан” олимпиадасында физика пәніненҰзақбай А ІІІ орын иеленді.

Оқушылар арасында өткен “Galym-2023” пәндік Республикалық олимпиадасында физика пәнінен Бекбергенов Б ІІ орын иеленді.(Жаңақоныс ЖОББМ)

Нұрбілім ғылыми – әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен 1-11 сыныптар арасында өткен Ы.Алтынсарин атындағы Республикалық пәндік олимпида сайыстарының Республикалық кезеңінде ағылшын тілі пәнінен І-дәрежелі диплом иегерлері Өтеубай А, Тынышбай А.

Ағылшын тілі пәнінен «Әл-Фараби» олимпиадасының республикалық кезеңінде ІІ орын иегері 6 сынып оқушысы Мұхтар И.  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ республикалық “SAPSAN” олимпиадасының облыстық кезеңінде ағылшын тілі пәнінен Қанат Зарина І орын иеленді.

Оқушылар арасында өткен “Galym-2023” пәндік Республикалық олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен Тынышбай А ІІ орын иеленді. (Жаңақоныс ЖОББМ)

Тірек мектеп пен магниттік мектепте қызмет жасайтын ұстаздар өз ісіне берілген, қашықтықтан оқыту үрдісінде жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін барша ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілемекпін. Бұл жобаның алдағы уақытта жұмысы тағы да жанданып, ауыл мектептеріне қолдау көрсетіліп, білім сапасында өзгеріс болатынына кәміл сенемін.

Біз бұл жобадан не күтеміз:

  • Тірек мектебі мен магниттік мектептердің білім сапасын арттыру;
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
  • Оқушыларды ғылыми жобалар қорғауға бағыттау;
  • Пәндік олимпиадалар мен байқауларда облыстық, республикалық, халықаралық деңгейден көріну;
  • НЗМ  оқушы даярлау;
  • Жоғарғы оқу орындарының гранттарына жүлдегерлер әзірлеу.

«№3 ЖОББМ» КММ директоры:              А.Қ.Ізтлеуова